Қазақстан Сан-Мариномен визалық талаптардан босату туралы келісімді бекітті
© Сурет: pixabay
Үкіметтің 2024 жылғы 12 қарашадағы қаулысымен Қазақстан үкіметі мен Сан-Марино үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарамды жол жүру құжаттарының иелері екінші тараптың аумағына бір реттік немесе көп реттік кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, бірінші келген күннен бастап әрбір 180 күндік кезең ішінде 90 күннен аспайтын мерзімге уақытша тұруға визалық талаптардан босатылады. Осы Шенген келісіміне қатысушы тараптардың бірінің аумағына бірнеше рет кіруге/шығуға қатысты Шенген келісімінен туындайтын міндеттемелерге нұқсан келтірместен іске асады.
Қазақстан азаматтары үшін көрсетілген 90 күндік мерзім Шенген аймағына алғаш кірген күннен басталады.
Қазақстандық жол жүру құжаттары мыналар болып табылады:
- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Қазақстан Республикасының қызметтік төлқұжаты.
Сан-Марино үшін жарамды жол жүру құжаттары:
- Сан-Марино Республикасы азаматының төлқұжаты;
- Сан-Марино Республикасының дипломатиялық паспорты;
- Сан-Марино Республикасының қызметтік төлқұжаты.
Екінші тарап мемлекетінің аумағында 90 күннен асатын мерзімге қалуға ниет білдірген азаматтар екінші тарап мемлекетінің аумағына кірер алдында тиісті виза алуы қарастырылған. Оның ішінде қабылдаушы мемлекеттің ішкі заңнамасында көзделген рұқсат.
Бұл ретте Сан-Марино Республикасына кіруге қатысты Шенген келісімінің тиісті ережелері сақталады.
Келісім Сан-Марино қаласында 2023 жылғы 8 қарашада қазақ, орыс, итальян және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:59, 22 қараша 2024
Қостанай облысында адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін ТБС иесі жауапқа тартылды
-
19:30, 22 қараша 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Қытайдағы Гран-при жарысында екінші орын алды
-
19:11, 22 қараша 2024
Ақтөбеде экс-әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
-
18:36, 22 қараша 2024
Тоқаев ұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңға қол қойды
-
18:32, 22 қараша 2024
Абай облысында қазандық жарылды: полиция тергеу жүргізіп жатыр