Ақтөбеде экс-әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
© Сурет: polisia.kz
Полицияның жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмыстық теріс қылық жасаған ер адам қылмыстық жазаға тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға Ақтөбе қаласында болған. Қала тұрғыны бұрынғы әйелі мен балаларына алкогольдік масаң күйде барып, жанжал шығарып, көшеде кәмелетке толмаған ұлдарына тиісіп, қол жұмсаған. Балаларын бұл жерден дереу алып кетуге тырысқан анасын қуып жетіп, қасақана ниетпен әйелге бірнеше соққы жасаған.
Бұл дерек бойынша Ақтөбе қаласының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен дереу қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, жан-жақты тергеу амалдары жүргізілді.
21 қарашада осы іс бойынша сот үкімі шықты. Екі немесе одан да көп адамды және кәмелетке толмағандарды ұрып-соққаны үшін сот үкімі бойынша ер адам 45 тәулікке қамауға алынды.
"Сонымен қатар оған ерекше талаптар белгіленіп, алкоголь және есірткі өнімдерін қолданбау, сондай-ақ ішкі істер органдарына айына үш рет келуге міндеттелді. Бұған қоса, сотталушының бір жыл мерзімге жәбірленушімен кез келген байланысына тыйым салынды". Polisia.kz
Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 22 қараша 2024
«Қазақстан-Хорватия» іскерлік кеңесінің келесі отырыстары Астанада өтеді
-
22:53, 22 қараша 2024
Қазақстан СІМ басшысы Хорватия Премьер-министрімен кездесті
-
22:17, 22 қараша 2024
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
-
21:56, 22 қараша 2024
«Барыс» Астанада «Амурға» есе жіберді
-
21:18, 22 қараша 2024
Павлодар облысында зорлық-зомбылыққа қатысты 30 деректің жартысын педагогтар анықтады