Қазақстан отандық тыңайтқыштар көлемін 4 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр
© Сурет: freepik
Қазақстанда отандық тыңайтқыштар көлемін арттыру жоспарланып отыр. Оған сәйкес, 2032 жылға қарай тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды жәнестратегиялық маңызды түрлеріне аударылады.
"Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасызетуде агрохимиялық сала маңызды орын алады. Негізгі стратегиялық міндеттердің бірі – 2030 жылға қарай жергілікті шаруаларды азот, фосфор, калий сияқты отандық тыңайтқыштардың негізгітүрлерімен толық қамтамасыз ету. Осылайша, 2032 жылға қарай ескі жобалардықайта жаңғырту және жаңа жобаларды жүзеге асыру есебінен тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі", делінген министрлік хабарламасында.
Карбамид, калий хлориді және дикальций фосфаты сияқты тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.
Еліміздің фосфориттер, калий тұзы, барит, күкірт, мұнай, газ және т.б. есебінен бай шикізат әлеуетін ескерсек, еліміздің химия өнеркәсібін дамытудың келешегі қолайлы.
Бұған дейін елімізде егістік науқаны аяқталғанын хабарлап, Ауылшаруашылығы министрлігі оның қорытындысымен бөліскен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





