Қазақстан мен Сауд Арабиясы әуе рейстерінің санын айтарлықтай арттырды

09:35, 27 тамыз 2026
MKZ: 1563669

© Фото: unsplash

Қазақстан мен Сауд Арабиясы әуе рейстерін орындау мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, 2026 жылғы 26 тамызда Эр-Риядта Қазақстан үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігі үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

"Құжатқа қол қою азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаны нығайтып, екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасын дамытуға қосымша мүмкіндік берді. Қол жеткізілген уағдаластық аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28-ден 70-ке дейін арттырды", – деп хабарлады ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі бүгін, 27 тамызда.

Ведомство қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ Сауд Арабиясының басқа қалаларына қатынайтын бағыттар санын көбейтуді жоспарлап отырғанын нақтылады.

Келісімге қол қою рәсіміне ҚР көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиация бас басқармасы президентінің міндетін атқарушы Сүлейман бен Ахмед әл-Бассам қатысты.

2026 жылғы 21 тамызда Алматы мен Гонконг арасында жаңа тікелей әуе рейсі ашылатыны белгілі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!