Қазақстан мен АҚШ Нью-Йоркке тікелей әуе рейсін ашу туралы келісімге келді

14:21, 28 тамыз 2024

© Сурет: unsplash

Монреальда Қазақстан Көлік министрлігі мен АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашуға бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мен слот алу мәселелерін талқылады.

Осылайша, 2025 жылдың соңында АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу жоспарлануда. Рейстер кем дегенде аптасына 2 рет арындалады деп көзделген.

"Сонымен қатар, биылғы 26-30 тамыз аралығында Астана қаласында FAA сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1 (CAT1) санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау (IASA) бойынша жұмысты бастады." ҚР Көлік министрлігі

Бұған дейін ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елдегі рейстердің кешігу жиілігінің артуына қатысты пікір білдірген болатын. Ол әуе жолаушыларын қорғау мақсатында бірқатар түзетулер әзірленіп жатқанын айтты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!