Қазақстан қазіргі бессайыстан Қытайдағы әлем чемпионатын аяқтады
© Фото: zakon.kz
Қытайдың Гуйян қаласында қазіргі бессайыстан әлем чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан намысын бес спортшы қорғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
А іріктеу тобында Кирилл Стадник 20-орынға ие болды. В тобында Тихон Варёхин 16-орын алса, Темірлан Абдраимов 21-орынға тұрақтады. С тобында Данил Богданов 17-орыннан көрінді, ал Лев Чувашов 18-орын алды.
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық бессайысшылар жартылай финалға өте алмады.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Аяна Қазбекова А тобында 21-орынға ие болды. В тобында Юлиана Петрова 27-орын, Ярославна Понер 30-орын алды. Қазақстандық спортшылар бұл кезеңнен де өте алмады.
Бұдан бөлек, қазақстандықтар эстафеталық жарыстарда да бақ сынады. Ерлер эстафетасында Темірлан Абдраимов пен Лев Чувашов жетінші орынға ие болды.
Әйелдер эстафетасында Аяна Қазбекова мен Юлиана Петрова мәреге тоғызыншы болып жетті.
Аралас эстафетада Ярославна Понер мен Кирилл Стадник те тоғызыншы орын алды.
Командалық есепте Қазақстан әйелдер арасында 11-орынға, ерлер арасында 13-орынға орналасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:40, 1 қыркүйек 2026
«Қазақстанның жанды бұрышы»: Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы мектеп несімен танымал
-
17:34, 1 қыркүйек 2026
Тоқаев БҰҰ атына жиі айтылатынын сынға қатысты пікір білдірді
-
17:20, 1 қыркүйек 2026
Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынды
-
17:17, 1 қыркүйек 2026
Еліміз Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайды - Тоқаев
-
17:15, 1 қыркүйек 2026
Тоқаев «ШЫҰ плюс» қатысушыларына жаңа Конституция мен Құрылтай туралы айтып берді





