Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды
© Сурет: pixabay
Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Негізгі бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері бар.
"Атап айтқанда, Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген. Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған." Бас прокуратураның баспасөз қызметі
2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған.
Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады.
Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген, ал клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген.
"Ордабасы", "Ақтөбе" және "Жетісу" футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.
Бас прокуратура спорт саласында заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:14, 31 наурыз 2025
Синоптиктер ертең Астанада және тағы 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады
-
17:39, 31 наурыз 2025
Шерзат Полат ісі: алғашқы сот отырысының уақыты белгіленді
-
17:33, 31 наурыз 2025
Тоқаев Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті
-
17:32, 31 наурыз 2025
Қапшағай су қоймасынан 20 шақырым заңсыз орнатылған тор алынды
-
17:10, 31 наурыз 2025
Біріктіретін жүгіріс: Almaty Half Marathon 20 сәуір күні өтеді
Танымал жаңалықтар
-
21:50, 30 наурыз 2025
-
22:25, 30 наурыз 2025
-
09:22, 31 наурыз 2025
-
09:45, 31 наурыз 2025
-
09:02, 31 наурыз 2025
-
09:51, 31 наурыз 2025
-
09:33, 31 наурыз 2025
-
10:22, 31 наурыз 2025
-
10:11, 31 наурыз 2025
-
10:51, 31 наурыз 2025
-
09:13, 31 наурыз 2025
-
12:17, 31 наурыз 2025
-
10:43, 31 наурыз 2025
-
10:34, 31 наурыз 2025
-
11:19, 31 наурыз 2025