Қазақстан бойынша бүкіл мектеп асханалары тексеріледі

13:17, 9 қыркүйек 2024

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

Қазақстандағы мектеп асханалары Маңғыстаудағы жаппай уланудан кейін тексеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

"Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша бір ай ішінде республикадағы барлық мектептердің асханаларында санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізіледі. Ол мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу шараларын күшейтуге бағытталған",- делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін мектеп асханасында балалар уланып, 140 баланың медициналық көмекке жүгінгенін жазған едік. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарова мектеп оқушыларының емделуін бақылауға алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!