Қазақстан аумағы емес: шенеуніктер Аралдың қалпына келе бастағаны жайлы тараған бейнеге түсініктеме берді
© Фото: Zakon.kz
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов 2025 жылдың 8 желтоқсанында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аралды құтқару үшін атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер әлеуметтік желілерде Солтүстік Аралдың қалпына келе бастағанын көрсететін бейне таралып жатқанын атап өтіп, оның қаншалықты сенімді екенін және билік тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын сұрады.
"Иә, әлеуметтік желілерде Аралдағы судың көлемі туралы видеоны көрдім. Біз Сырдария өзенінің Аралға құяр сағасын және сол жердегі жағалаудың қандай екенін білеміз. Сондықтан видеода басқа су объектісі немесе Аралдың басқа бөлігі түсірілген болуы мүмкін. Видеода Мойнақ ауылы көрсетілген, яғни бұл, бәлкім, Қазақстан территориясына жатпайтын бөлік… Ол жердегі жағалау сызығы Қазақстан аумағындағы Аралдың бөлігінен сәйкес келмейді", – деді Сейілбек Нұрымбетов.
Оның айтуынша, министрлік Солтүстік Аралдың деңгейін қалпына келтіру және сақтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
"Бұл – жыл бойына Сырдария өзені арқылы Аралға су жеткізу жұмысы. Биылдан бастап Аралға 1,7 кубокилометрден астам су жіберілді. Қазіргі уақытта оның орташа көлемі 22 кубокилометрден асады. Сонымен қатар, Солтүстік Аралды қалпына келтірудің екінші кезеңіне арналған жоба әзірленуде. Су көлемін арттыру және бөгетті нығайту бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесін халыққа таныстырамыз. Жобалық ұйымдар жылдың соңына дейін немесе келесі жылдың басында нәтижелерін ұсынады", – деп сендірді спикер.
Бұған дейін Шымкенттегі жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар тізімін ұсынылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:57, 8 желтоқсан 2025
Алматыда жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды
-
16:50, 8 желтоқсан 2025
Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды
-
16:41, 8 желтоқсан 2025
Стоматологиядағы бала өлімі: айыпталушы сот алдында жауап берді
-
16:35, 8 желтоқсан 2025
Әуе билеттерінің бағасына бақылау күшейтіледі – депутат уәде берді
-
16:24, 8 желтоқсан 2025
Алматы мен ірі қалаларда ауа райы нашарлайды: синоптиктер 9-11 желтоқсанға болжам жасады





