Қазақстан астық экспорттайтын елдердің қатарын кеңейтуде
© Фото: Zakon.kz
Қазақстан астық пен ұн экспорты бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, өнім жеткізетін жаңа нарықтарды игере бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 4 тамызда Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министр астық саласындағы негізгі көрсеткіштерді атап өтті.
"Астық экспорты айтарлықтай артты. 2024/2025 маркетингтік жылында астық пен ұн экспорты астық баламасында рекордтық 15,3 млн тоннаға жетті. Сонымен қатар "Қазақстан темір жолы" компаниясының мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін астық пен ұн экспорты астық баламасында 13,9 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 12,6 пайызға жоғары. Ол кезде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын", – деді Азат Сұлтанов.
Оның айтуынша, қазақстандық астық өнімдері енді Марокко, Алжир, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам және бірқатар Еуропа елдерінің нарықтарына шығарыла бастады. Сонымен қатар Қазақстанның Әзербайжан, Грузия және Түркияға астық жеткізу бағыттары қайта қалпына келтірілген.
Вице-министр Қытайға жемдік ұн экспортын арттыру жұмыстары туралы да айтты.
"Талаптарды келісу және нарыққа шығу тетігін бекіту нәтижесінде 4 және 5-сыныпты астықты өңдеп, оған тұрақты экспорттық сұраныс қалыптастыру мүмкін болды. Соның арқасында жемдік ұн жеткізу көлемі 2,4 есеге өсіп, шамамен 3 млн тоннаға жетті", – деп қорытындылады Сұлтанов.
Бұған дейін Қазақстанда аса маңызды импорттың үлесі төмендегенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:38, 4 тамыз 2026
Қазақстанда арнайы әлеуметтік төлемді кімдер ала алады
-
15:27, 4 тамыз 2026
Сауда министрлігі қазақстандық ірімшікті насихаттауға кірісті
-
15:16, 4 тамыз 2026
Қазақстанда электрондық сауда алаңдарына жаңа талаптар енгізіліп жатыр
-
15:04, 4 тамыз 2026
Жетекші футбол қауымдастықтары FIFA президентінің мерзімінен бұрын қызметтен кетуін талап етуде
-
14:56, 4 тамыз 2026
Қазақстандықтарға Wildberries-тен тауарға тапсырыс берген жөн бе





