Қазақстан алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын қабылдайды
© Сурет: ISU.org
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) шешімімен Астана 2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетін қала ретінде ресми түрде бекітілді. Жарыс 2027 жылғы 9-14 ақпан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпаратты бүгін ISU ресми түрде жариялады. Астанаға Азия, Америка, Африка және Мұхит аймағының үздік мәнерлеп сырғанаушылары жиналады. Турнирді өткізу Қазақстан үшін де, мәнерлеп сырғанаудың жаһандық дамуы үшін де маңызды оқиға болмақ.
ISU мәліметінше, бұл шешім Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығының қарқынды өсуінің жалғасы болды. Бұған 2026 жылдың ақпан айында Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында Михаил Шайдоровтың ерлер арасындағы жекелей сында тарихи алтын медаль жеңіп алуы үлкен әсер етті. Оның жетістігі елде бұл спорт түріне деген қызығушылықты бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріп, жаңа буын спортшылар мен жанкүйерлерге шабыт берді.
Бұған дейін еліміз 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын және 2017 жылғы қысқы Универсиаданы жоғары деңгейде қабылдаған болатын. Аталған жарыстардың бағдарламасына да мәнерлеп сырғанаудан бәсекелер енгізілген еді.
"Біз Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионатын өткізетінімізге қуаныштымыз. Бұл Орталық Азиядағы жанкүйерлер үшін әлемдік деңгейдегі жарысты өз көздерімен көріп, сүйікті спортшыларын қолдауға тамаша мүмкіндік. Қазақстанда мәнерлеп сырғанаудың танымалдығы жаңа деңгейге көтерілді және Астана спортшылар, жанкүйерлер мен жарысқа қатысушылар үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз. Қазақстан бұл турнирге өзіндік энергиясын, қонақжайлығын және өршіл мақсаттарын алып келетініне күмән жоқ". ISU президенті Ким Джэ Ёль
Төрт құрлық чемпионаты Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан ең ірі турнир болмақ.
Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өткен 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 22 маусым 2026
Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді
-
18:46, 22 маусым 2026
«Баянауыл» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр
-
18:30, 22 маусым 2026
Астанада көпбалалы ер адам токқа түсіп, мерт болды
-
18:11, 22 маусым 2026
Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr көлігінің жүргізушісіне ең жоғары жаза тағайындалды
-
17:54, 22 маусым 2026
Брестте Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған парламентарийлер форумы өтті





