«Қазақмыс» шахтасында жұмысшы қаза тапты

17:51, 21 қаңтар 2025

© Сурет: akorda.kz

Шығыс Жезқазған кенішінің "Анненск" шахтасында болған қайғылы оқиға салдарынан жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазақмыс" компаниялар тобы 2025 жылғы 21 қаңтарда хабарлады.

"Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды", - деп хабарлады компания.

"Қазақмыс" басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Бұл оқиға бойынша Ұлытау облысының полициясы Сәтбаев қаласының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!