«Қазақмыс» қауіп ықтималдылығы жоғары учаскелерде кен өндіруді уақытша тоқтатады
© Сурет: Kazakhmys.kz
"Қазақмыс" компаниялар тобы қауіп ықтималдылығы жоғары учаскелерде кен өндіруді уақытша тоқтатады және барлық жерде қауіпсіздік шараларын күшейтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақмыс" компаниялар тобының өндірістік нысандарында жазатайым оқиғалардың жиілеуіне байланысты корпорация басшылығы бүгіннен бастап бекітілген кестеге сәйкес тәуекел деңгейі жоғары барлық технологиялық процестерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Кеніш тоқтап тұрған кезеңде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы бақылауға алынып, барлық жұмыс түрлері жан-жақты тексеріледі. Барлық кемшілік жойылғаннан кейін ғана аталған учаскелерде жұмыс қайта жалғасады", делінген компанияның ресми хабарламасында.
Қауіпсіздікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар шеңберінде "Қазақмыс" компанияның барлық өндірістік нысандарын жоспардан тыс тексеретіні, сондай-ақ инженерлік-техникалық персонал мен жерасты жұмыс орындарын қайта аттестаттаудан өткізетіні де нақтыланады.
Сонымен қатар комиссия құтқару жабдықтарының даярлығын, қызметкерлердің өнеркәсіптік қауіпсіздік техникасы мен төтенше жағдайдағы іс-қимыл алгоритмдері бойынша білімін тексереді.
Бұл қадам компанияның басты басымдығы – қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған.
Бұдан бөлек компанияның барлық өндірістік алаңдарында орын алуы ықтимал апаттық жағдайда персоналдың іс-әрекетін пысықтауға және төтенше жағдайға дайындығын жетілдіруге бағытталған жоспардан тыс жаттығулар өткізілуде.
"Қазақмыс" компаниялар тобы өз қызметкерлері мен олардың отбасы алдындағы жауапкершілігін толығымен түсінеді. Біз жұмыс орындарындағы апаттың алдын алу және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз". "Қазақмыс" компаниялар тобы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:17, 10 ақпан 2026
Абзал Әжіғалиев: Соңына дейін күресеміз, Олимпиада әлі біткен жоқ
-
23:06, 10 ақпан 2026
Астанада, Шымкентте және 17 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:41, 10 ақпан 2026
14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді құттықтады
-
22:07, 10 ақпан 2026
Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады





