«Қатты шаршадым»: Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

16:51, 15 тамыз 2026
MKZ: 1561502

© Сурет: instagram/lenarybakina

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің финалында Ига Швёнтекке қарсы кездесуде шаршаудың әсерін сезінгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 тамызда финалдық матч 1 сағат 16 минутқа созылып, Швентек 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында қазақстандық теннисші ойынға жан-жақты тоқталды. Сұхбаттың негізгі бөлігі WTA сайтында жарияланды.

"Мен жай ғана қатты шаршадым. Аяғымды жеткілікті деңгейде жұмыс істете алмағаным көрініп тұрды. Өзімнің көп қателігім болды, әсіресе тор маңында. Зейінімді толық жоғалтып алдым. Тіпті аса қиын емес доптарды қайтаруда да қателестім", – деді Рыбакина.

Теннисші бірнеше үш сетке созылған матч пен кортта көп уақыт өткізудің жағдайына әсер еткенін де айтты.

"Ига – өте мықты қарсылас. Әрине, ол барлық допты қайтаруға тырысты. Маған қиын болды. Осыдан сабақ алып, келесі жолы жақсырақ ойнай аламын деп үміттенемін", – деді қазақстандық теннисші.

Рыбакина турнир барысында таңертең де, күндіз де, кешке де ойнауға тура келгенін айтты. Бірнеше кездесу кейінге шегерілген. Ал Кори Гауффты жартылай финалда жеңгеннен кейін қазақстандық теннисші матчты түннің жарымында аяқтаған.

"Соңғы матчта бұдан да жақсырақ күресуге күшім жетпегені өкінішті", – деп мойындады ол.

Айта кетейік, Рыбакинаның келесі турнирі Цинциннатиде өтеді. Қазақстандық теннисші 2025 жылы бұл жарыстың жартылай финалында сол жылы чемпион атанған Ига Швентекке есе жіберген еді. Биыл Цинциннатидегі алғашқы кездесуінде Рыбакина америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!