Қазақстанда қандай автожолдар жаңартылып, қай бағыттарға жаңа трассалар салынады

09:58, 26 маусым 2026

© Фото: primeminister.kz

Қазақстанда автомобиль жолдарын ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

24KZ телеарнасының мәліметінше, елімізде 11 мың шақырымнан астам автожол жөнделеді. Оның шамамен 9 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға тиесілі.

Жол желісін жаңғырту жұмыстары саланы дамытудың үш жылдық жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр.

Жоба аясында:

  • халықаралық көлік дәліздерін реконструкциялау;
  • жаңа автомагистральдар салу;
  • автожолдарды күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазір жалпы ұзындығы 4 мың шақырымды құрайтын 126 жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі бағыттардың қатарында Жезқазған – Петропавл, Алматы – Шелек – Қорғас, Атырау – Орал және Жаңаөзен – Кендірлі – Түрікменстан шекарасы бағыттары бар.

Сонымен қатар Қазақстанда автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қатысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді. Көлік министрлігі 25 маусымда бұл өзгерістер жолдарды жөндеуде суық ресайклинг технологиясын кеңінен қолдануды, сондай-ақ көлік қозғалысы аз жолдарда жол төсемінің баламалы конструкцияларын пайдалануды көздейтінін түсіндірді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!