Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтады

21:37, 16 қараша 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековті туған күнімен құттықтап, бауырлас қырғыз халқының игілігі жолындағы аса жауапты қызметіне табыс тіледі.

Мемлекет басшылары екі елдің әртүрлі салалар бойынша стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен перспективаларын одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Президентінің Қырғыз Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары және Жоғары мемлекетаралық кеңестің бесінші отырысына дайындық барысы қарастырылды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!