Қасым-Жомарт Тоқаев Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барады

15:00, 25 қараша 2026
MKZ: 1579678

© Фото: akorda.kz

25-26 қараша күндері Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты 25 қараша күні Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

Сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.

2026 жылғы 7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Ресей Президентін туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне одан әрі табыс тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!