Тоқаев пен Путинге Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды
© Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті таспаланған.
Жолбарыстарды бақылап отыру үшін табиғи ортаға жібергенге дейін оларға жерсеріктік қарғыбау орнатылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы қараша айында Ресейге жасаған мемлекеттік сапары кезінде Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге әзірлік және жеткізілген түз тағыларының бастапқы бейімдеуден өтуі бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Осы уағдаластықтарға сай Ресей тарапы төрт Амур жолбарысын берді.
Ақорда бұл бастама Қазақстандағы жолбарыстар популяциясын қалпына келтіруге және әлемдегі биоалуантүрлілікті сақтауға зор үлес қосатынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:28, 28 мамыр 2026
Ұлттық банк жаңа 500 теңгелік банкнотаға қатысты мәлімдеме жасады
-
18:18, 28 мамыр 2026
Қазақстанда циклон әсерінен жауын-шашын күшейеді
-
18:11, 28 мамыр 2026
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: жеңіл көлік Газельді аударып жіберді
-
17:26, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путин Астанада емен көшетін екті
-
17:24, 28 мамыр 2026
Арина Малиновская нысана көздеуден Германиядағы Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді





