Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенге барды

14:45, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569725

© Сурет: akorda.kz

Германияда ресми сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 30 қыркүйекте Мюнхенге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Бавария үкіметі мен парламентінің (Ландтаг) басшылығымен, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кездеседі.

Бұдан бөлек, Президент Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылуына қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қыркүйекте Германияның федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен осы елге ресми сапармен барған еді.

29 қыркүйекте БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы Германия канцлері Фридрих Мерцті 2027 жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!