Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы әлеуетіне тоқталып, Қазақстанның осы өңірмен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық байланыстар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан.
Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.
Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Олардың ерлігі туралы естеліктердің көздің қарашығындай сақталатынын айтты.
Кездесуде өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары талқыланды. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:16, 19 қазан 2026
Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет күш көрсетілген
-
17:10, 19 қазан 2026
Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының жеңімпазы атанды
-
17:01, 19 қазан 2026
Тоқаев әскери бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тапсырды
-
16:55, 19 қазан 2026
Үсік, қар және бұрқасын: 20 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
16:46, 19 қазан 2026
Астанада LRT желісі ұзартылады: құрылыс қай кезеңде





