Тоқаев әскери бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын тапсырды
© Сурет: akorda.kz
Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады.
Жоғарғы Бас Қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды.
Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді.
Бұдан бөлек, мобилизацияны жоспарлау және әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау, бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:05, 19 қазан 2026
Пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды
-
18:02, 19 қазан 2026
Париждегі музейден Мессидің қолтаңбасы бар жейдесі ұрланды
-
17:40, 19 қазан 2026
Қазақстанда -7 градусқа дейін аяз болып, қар жауып, боран соғады
-
17:27, 19 қазан 2026
«Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына кандидатура ұсынды
-
17:16, 19 қазан 2026
Абай облысында ерекше күтімді қажет ететін балаларға 100-ден астам рет күш көрсетілген





