Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасап, ел дамуының алдағы жоспарын айқындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы еліміздің тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтып, соңғы уақытта болған елеулі өзгерістерге тоқталды.
"Біз біртұтас ел болып, аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұртымызға, әсіресе өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция – халқымыздың темірқазығы, ел ішіндегі түбегейлі өзгерістерге тың серпін берген қастерлі құжат", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Құрылтай сайлауы өтіп, оның құрамына кәсіби, іскер және жаңашыл азаматтар, соның ішінде көптеген жас кіргенін атап өтті.
"Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады", – деді Мемлекет басшысы.
Президент осы қадамдардың нәтижесінде еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылатынын айтты. Оның сөзінше, бұл – ауқымды реформалардың аса маңызды бөлігі.
"Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 11 қыркүйек 2026
Президент Үкімет пен әкімдіктерге ұлттық спортты дамыту міндетін жүктеді
-
13:12, 11 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті: Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды
-
13:06, 11 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
-
12:55, 11 қыркүйек 2026
Фермерлер егістіктерін ұсақталған әйнекпен тыңайта бастады: оның пайдасы қандай
-
12:50, 11 қыркүйек 2026
Алматыда метро мен қала жолдарының құрылыс қарқыны артады





