Фермерлер егістіктерін ұсақталған әйнекпен тыңайта бастады: оның пайдасы қандай
© Сурет: magnific
Австралиялық фермерлер егістіктері мен жайылымдарға ұсақталған шыны қалдықтарын шашып жатыр. Кремнийге бай бұл материал өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіруін және өсуін жақсартып, дәстүрлі тыңайтқыштарға деген қажеттілікті азайтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Agroinform басылымының мәліметінше, ауыл шаруашылығы алқаптарында әдетте қайта өңделген әйнектен жасалған ұнтақ пен түйіршіктер қолданылады.
Қазіргі таңда бірнеше фермада жүргізілген тәжірибелер оң нәтиже көрсетіп отыр. Алайда бұл әсерлерді тәуелсіз зерттеулер арқылы әлі де растау қажет.
Брисбен қаласындағы құны 4 миллион доллар болатын зауыт қазір аптасына шамамен 20 тонна өнім өндіреді. Ол үшін Квинслендтегі Containers for Change қайта өңдеу бағдарламасы арқылы жиналған әйнек пайдаланылады.
Бөтелкелер керамикамен қапталған үлкен барабандарда керамикалық шарлардың көмегімен ұсақталады. Қолданылу мақсатына қарай дайын өнім талькке ұқсас ұнтақ немесе ұсақ түйіршіктер түрінде болады.
Кейбір фермерлер оны сумен араластырып, егістіктерге бүркеді. Ал енді біреулері құрғақ түйіршіктерді егістікке немесе жайылымға шашады.
Австралиялық агроном Дэвид Арчердің айтуынша, кремний өсімдіктердің зиянкестерден, аурулардан және құрғақшылықтан табиғи қорғаныс механизмдерін күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ ол топырақта жинақталған фосфаттардың өсімдіктерге қолжетімді болуына ықпал етуі мүмкін.
Арчердің түсіндіруінше, кремний темірмен байланысып, фосфаттардың босап шығуына мүмкіндік береді. Нәтижесінде олар өсімдік тамырларына қолжетімді бола түседі.
Бұл материал ауыл шаруашылығының бірнеше саласында сынақтан өткізіліп жатыр. Оны астық шаруашылығында, жүзім және алма өсіруде, қант қамысы плантацияларында, сондай-ақ сүт және ет өндіретін фермаларда қолдануда.
Агроном Питер Норвуд өз тәжірибесіне сүйене отырып, бұл әдіс ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен өнімділігін 25-30 пайызға арттыруы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, қоректік заттармен қамтамасыз ету жақсарғандықтан, фермаларға дәстүрлі тыңайтқыштарды аз қолдануға тура келуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығында шыны қалдықтарын пайдалану австралиялық фермерлердің импорттық тыңайтқыштарға тәуелділігін де азайтуы мүмкін.
Бұған дейін Жерде адамзатқа қауіп төндіруі мүмкін жаңасуперконтинент қалыптасып жатқаны туралы жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:12, 11 қыркүйек 2026
Қазақстан президенті: Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды
-
13:06, 11 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
-
12:50, 11 қыркүйек 2026
Алматыда метро мен қала жолдарының құрылыс қарқыны артады
-
12:41, 11 қыркүйек 2026
Қазақстан ТМҰ елдеріне есірткі бизнесімен күресетін орталықтар желісін құруды ұсынды
-
12:35, 11 қыркүйек 2026
Кірпіштері қабырғадан ажырап, төбесінен су ағады: Ақтөбе тұрғындары өміріне алаңдаулы





