Қазақстан президенті: Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тарихи өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтып, елде жүзеге асырылып жатқан елеулі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз біртұтас ел болып, аса ауқымды реформаларды табысты жүзеге асырдық. Барша жұтымызға, әсіресе өскелең ұрпаққа бағдар беретін Конституциямызды қабылдадық. Әділетті, Күшті, Озық, Таза Қазақстанның берік негізін қаладық. Мұны ұлт тарихындағы нағыз бетбұрысты оқиға деп бағалауға болады. Конституция – халқымыздың темірқазығы, ел ішіндегі түбегейлі өзгерістерге тың серпін берген қастерлі құжат", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Құрылтай сайлауына да тоқталды. Оның айтуынша, Құрылтай құрамына кәсіби, іскер әрі жаңашыл азаматтар, соның ішінде жастар кірді.
"Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі. Құрылтайдың келісімімен Конституциялық сот судьялары, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалады. Осылайша еліміздің негізгі мемлекеттік институттары толық жаңғыртылады. Бұл да – ауқымды реформаларымыздың өте маңызды бөлігі. Ал қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын", – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент ұлт саулығын нығайту және адам капиталын күшейту мемлекеттің конституциялық міндеті екенін атап өтіп, осы бағытта атқарылған жұмыстарды атады.
"Соңғы жеті жылда елімізде 500-ден астам спорт нысаны салынды, бірқатары жөндеуден өткізілді. Былтыр менің тапсырмаммен "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға бірқатар өзгеріс енгізілді. Жаңа заң отандық спорттың дамуына күшті серпін бермек, соның ішінде ұлттық спорттың өркендеуіне ерекше ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент балалардың спортпен немесе дене шынықтырумен міндетті түрде айналысуы қажет екенін айтты. Оның сөзінше, бұл – еліміздің жарқын болашағының кепілі әрі жалпыұлттық маңызы бар міндет.
"Дене-бітімі әлсіз, рухы қауқарсыз халқы бар ел ешқашан озық, дамыған мемлекет бола алмайды. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сондықтан спорт мектептерінде оқитын әр балаға бөлінетін қаражат көлемі екі есеге жуық артты, яғни 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге ұлғайды. Былтыр 220 мыңнан астам бала спорт үйірмесіне мемлекет есебінен тегін барды. Осы мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінді", – деді Мемлекет басшысы.
Қазір Қазақстанда дене шынықтырумен айналысатын адамдардың саны 8 миллионнан асқан. Бұл – ел халқының жартысына жуығы.
"Осы тұрғыдан алғанда, бізді салауатты ұлт деп атауға болады. Бірақ босаңсуға болмайды", – деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:20, 11 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын қашан жасайтынын айтты
-
13:17, 11 қыркүйек 2026
Президент Үкімет пен әкімдіктерге ұлттық спортты дамыту міндетін жүктеді
-
13:06, 11 қыркүйек 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
-
12:55, 11 қыркүйек 2026
Фермерлер егістіктерін ұсақталған әйнекпен тыңайта бастады: оның пайдасы қандай
-
12:50, 11 қыркүйек 2026
Алматыда метро мен қала жолдарының құрылыс қарқыны артады





