Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы спорт делегациясын жібергені үшін Әзербайжан Президентіне алғыс айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Президенті стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқан екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынын жоғары бағалады. Осы орайда қыркүйек айының соңында өтетін Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндері халықтар арасындағы бірлікті бекемдеуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Әзербайжандағы Парламент сайлауының табысты өтуімен құттықтап, саяси науқанды Қазақстанның өкілдері де бақылағанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісімге келуі үшін Қазақстан тарапының алдағы уақытта да Алматы алаңын келіссөздерге ұсынуға дайын екенін растады.
Өз кезегінде Ильхам Әлиев Бакудің Астанамен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмсауға ниетті екенін жеткізді.
Әңгімелесу достық рәуіште өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:07, 17 қыркүйек 2024
Құлжа трактін реконструкциялау аяқталды: жаңа асфальт және әр бағытта 3 жолақ
-
09:54, 17 қыркүйек 2024
«Барыс» ХК ойыншылары 3 млрд теңгеден астам жалақы алады
-
09:49, 17 қыркүйек 2024
Алматыда Бұқар жырау желекжолында бір тәулікке көлік қозғалысын шектемекші
-
09:36, 17 қыркүйек 2024
Жапондық Токиодағы барлық метро станцияларын жүріп өтіп, рекорд орнатты
-
09:24, 17 қыркүйек 2024
Су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерден өтемақы алуға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды