Алматыда түнде жол-көлік апаты болды - фоторепортаж
© Сурет: Zakon.kz
23 ақпанға қараған түні Алматы қаласының Алатау ауданында, Саин даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы болды. Индустриялық аймаққа қарсы бетте Toyota Alphard пен Subaru Forester кроссовері соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Toyota көлігінің жүргізушісі Саин даңғылымен солтүстік бағытта келе жатқанын айтқан. Оның сөзінше, бір сәтте жұбайы сол жақтан Subaru автокөлігі жақындап келе жатқанын ескерткен. Subaru оң жақ шеткі жолақпен қозғалып бара жатқан.
Содан кейін Toyota жүргізушісі соқтығыстың алдын алу үшін көлігін күрт оңға бұрған. Алайда қақтығысты болдырмау мүмкін болмаған – Subaru келіп соққан.

Сурет: Zakon.kz
Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші де көліктерін басқара алмай қалған. Басқарудан шыққан екі автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа қарай сырғып кеткен.

Сурет: Zakon.kz
Toyota жол айырықтағы бөлгішке соғылып, аударылып кеткен. Көлік төңкерілген күйде біраз жерге дейін сырғып барып, жол жиегіне тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz
Ал Subaru Forester бордюрге тіреліп барып тоқтаған.

Сурет: Zakon.kz
Сонымен қатар қарсы жолаққа шығып кеткен екі көлік те жол бойындағы бөлгіш аллеядан секіріп өтіп, бірнеше ағашты құлатқан. Абырой болғанда, олар жолда басқа көліктермен соқтығыспаған.

Сурет: Zakon.kz
Toyota жүргізушісінің айтуынша, жол апаты салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған.

Сурет: Zakon.kz
Оқиғаның барлық мән-жайын жол полициясы қызметкерлері анықтайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:17, 23 ақпан 2026
АҚШ құрамасы араға 46 жыл салып хоккейден Олимпиада «алтынын» жеңіп алды
-
13:03, 23 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы мамандарының стипендиясы тек 2028 жылдан кейін өсуі мүмкін
-
12:50, 23 ақпан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
-
12:47, 23 ақпан 2026
2026 жылғы референдум: Алматыдағы дауыс беруге құқығы бар азаматтар саны аталды
-
12:34, 23 ақпан 2026
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды





