Касса және чек шығару: Қазақстанда фискалдау тәсілдері қандай өзгеріске ұшырады

09:46, 24 қаңтар 2026

© Сурет: pexels

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру мен сервистік моделін дамыту шеңберінде 2025 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті түбіртек деректерін фискализациялауға және бизнесті жүргізуді жеңілдетуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді іске асырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлер 1 182,3 мың бақылау-касса машиналарын (БКМ) пайдаланады, оның ішінде 96% немесе 1 139,1 мың онлайн БКМ. Сондай-ақ "Е-salyq Business" мобильдік қосымшасы арқылы шамамен 250 мың кәсіпкерлер, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар 150 мың түбіртек шығарады.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, БКМ мемлекеттік тізіміне 174 БКМ моделі енгізілген. Онлайн БКМ-на толық көшу мақсатында 2025 жылы талаптарға сәйкес келмейтін онлайн емес БКМ-ның 100-ден астам түрін мемлекеттік тізілімнен шығару бойынша жұмыс жүргізілді.

ФДО алынған сәттен бастап 15 минуттан кешіктірмей БКМ түбіртектерін МКК-не жедел режимде беруге, БКМ-ның нақты орналасқан жерін айқындайтын геолокацияны көрсетуге, сондай-ақ порталда түрлі сервистерді әзірлеуге міндетті.

Сондай-ақ деректерді беру хаттамасы 2.0.3 нұсқасына дейін жаңартылды, түбіртекте ҰӨК-на сәйкес тауар атауын міндетті түрде көрсетуін, сондай-ақ БКМ геолокациясы деректерін көрсетуін көздейді (жаңа хаттамаға белсенді БКМ-ның 85%-ы көшті).

Техникалық талаптарға сәйкес БКМ-ын ҰӨК-на автоматты түрде қосу қызметі іске асырылған.

Қазіргі уақытта шағын бизнестін субъектілері үшін түбіртектегі тауар атауларын көрсету процедурасы ҰӨК енгізу арқылы жеңілдетілген.

Қазіргі уақытта барлық POS-терминалдарды БКМ-мен теңестіру мәселесі қарастырылып, "Онлайн-БКМ мен POS-терминалдарды біріктіру бойынша іс-шаралар жоспары" бекітілген.

Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, БКМ функциясын POS-терминалдармен біріктіру және ҰӨК штрих-кодтары мен таңбаланған тауарларды сканерлеуге арналған сканермен интеграциялау жұмыстары жүргізілген.

Осылайша, БКМ және POS-терминал модельдерінде біріктірілген функциямен жұмыс істеу мүмкіндігі бар және төлем туралы ақпаратты бір БКМ түбіртегінде басып шығару жүзеге асырылады.

Сонымен қатар БКМ қолдану кезіндегі шығындарды азайту мақсатында МКК БКМ түбіртегін тікелей өтеусіз негізде беру бойынша Пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлауда..

БКМ түбіртектерін беруді және деректерді МКК-не беруді ынталандыру шеңберінде 2025 жылдан бастап 11 облыстың 47 ауданында: ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, БҚО, СҚО және Жетісу облыстарында "Salyk cashback" акциясы өткізілуде, онда қатысушы, жеке тұлға, сатып алынған тауарларға жұмсалған соманың бір бөлігін бонус ретінде ала алады. Осы акциялар шеңберінде ақшалай және өзге де құнды жүлделер ұтып алу мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде қатысушылар смартфондар, сертификаттар және 81 млн теңге көлемінде құнды жүлделер алды.

Аванстық төлемдерді кімдер төлемейді, 2026 жылғы өзгеріс қандай? Бұл сауалдың жауабын мына арадан оқып-біле аласыздар.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!