Каспий теңізінің суы тартылып жатыр: Қазақстанға қандай қауіп төнеді

09:52, 13 қазан 2026
MKZ: 1571988

© Фото: primeminister.kz

Каспий теңізінің Қазақстан жағалауында жаңа арал пайда болды. Ол Құлалы аралы маңында әуеден барлау кезінде анықталған. Соңғы төрт-бес жылда су деңгейінің төмендеуіне байланысты теңіздің солтүстік бөлігінде осындай бірнеше құрлық аумағы пайда болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Khaleej Times басылымының Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтының деректеріне сілтеме жасап жазуынша, Қазақстан секторындағы су деңгейі 1996–2025 жылдар аралығында шамамен 2,45 метрге төмендеген. Негізгі себептер – өзендерден келетін су көлемінің азаюы, климаттың өзгеруіне байланысты буланудың күшеюі және адам қызметінің әсері.

Ғалымдар теңіздің таяздануы Каспий экожүйесіне, соның ішінде Каспий итбалықтары мен бекіре тұқымдас балықтарға қауіп төндіретінін ескертеді. Теңіз суының шегінуі балық шаруашылығына, кеме қатынасына және жағалаудағы инфрақұрылымға да әсер етуі мүмкін.

Олардың пікірінше, Каспийдің Арал теңізі сияқты толықтай жойылып кету ықтималдығы төмен. Алайда су деңгейі одан әрі төмендесе, теңіздің солтүстігіндегі таяз аймақтарда ауыр зардаптар болуы мүмкін.

Бұған дейін Ақтауда Каспий теңізінің түбінен топырақ көтеріліп жатқаны хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!