Қаржы министрі мемлекет қаржысын игере алмай отырған органдарды атады

11:32, 16 қазан 2018

Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 9 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бөлінген 47 млрд теңге игерілмей қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен ол Үкімет басшысының бюджет қаражатын тиімді игеру туралы ескертуі өз нәтижесін бергенін атап өтті.

«Бақытжан Әбдірұлы, 8 айдың қорытындысы бойынша өткізілген отырыстағы сіздің ескертулерініңіз өз нәтижесін берді. Бюджет қаражатын игеру көрсеткіші жақсарды», - деді Әлихан Смайылов.

Алайда министр соған қарамастан кейбір мемлекеттік органдар қазына қаржысын игере алмай жатқанын жеткізді.

«Сондай-ақ 6,5 млрд теңге үнемдеу сомасын есептемегенде 9 айдың қорытындысы бойынша 47 млрд теңге игерілмеді. Бұл 8 айдың көрсеткішінен 33 млрд теңгеге аз. Ең көп игерілмеу соммалары келесі әкімшіліктерде: мәдениет және спорт министрлігі, қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ұлттық экономика министрлігі және жоғарғы сот. Нақтыланған республикалық бюджеттің жобасында жыл басынан бері игерілмей келген бюджеттік бағдарламалар біраз қаражаты оңтайландырылды», - деді ол.

Сөз соңында Смайылов аталған мемлекеттік органдарға бюджет қаражатын тезірек игеруге шақырды.

«Жылдың аяғына дейін 51 жұмыс күні қалды. Барлық әкімшілер бюджетке бөлінген қаражатты толық игеруге шақырамын», - деп түйіндеді сөзін қаржы министрі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!