Қаржаубай Нұрымов: келгендер өздерін қылмыстық топтың мүшелері деп айтты
© Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 18 сәуіріндегі сот процесінде Нұрымов келген жігіттер өздерін қылмыстық топтың мүшелері ретінде таныстырып, қоқаң-лоққы көрсеткенін айтты. Осылайша, ол көмек сұрамақ болып, жедел желіге бірнеше рет хабарласып, кһмек шақыра алмаған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Сот отырысының екінші бөлімінде марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымов куәлік етті.
"Қазанның үшінен төртіне қараған түні Аскентай Дархан мас күйінде дүкенге келіп ішімдік сұрады. Мен оған сағат 23:00-ден кейін сыра сатпайтынымды айттым. Ол өтініп қоймаған соң, шу шығармайын деп бердім. Артынша, қайта келіп телефонын қуаттауды сұрады, оған да көндім. Осы уақытта Шерзат қуаттағышын алып кетуге келген, ол маған Дарханның дөрекі сөйлеп жатқанын көрді. Осылайша, сыртқа шығып Шерзат Дарханды ұрып жіберді. Мен Дарханнан кешірім сұрап, ауруханаға ертіп баруды ұсындым. Алайда, ол маған кешірмейтінін айтып, "балаң денсаулығын қойып тастайды" деп қорқытты. Мен Дарханның жездесін танитынмын, оған хабарласып едім, алмады. Артынша, Аскентай Дархан жан-жаққа хабарласып балаларын жинай бастады",- деді ол.
Осылайша Қаржаубай әйеліне хабарласып інісі Нұрқанатты шақыртқан. Нұрымовтың айтуынша, жігіттердің арасында бірінші болып Нұрбол мен кәмелетке толмаған Ысқақ Думан келген. Нұрбол келісімен дөрекілік көрсетіп, "мені танымайсыңдар ма, Хуторскиймін, біз Хутордың балаларымыз" деп қорқытқан. Өз кезегінде, Қаржаубай мен Нұрқанат жағдайды барынша бейбіт келісіммен шешуге тырысқан көрінеді.
Нәтижесінде, жігіттер арасында әңгіме өріп, Нұрбол жағдайды түсінген сыңай танытып, Дарханды алып қайтып кеткен. Алайда, көп уақыт өтпей жігіттер қайта келіп ұрыс шығарған. Бұл жолы үшеуі ғана емес, үш көлік болып келген.
"Акценттен түскен үш жігіттің үлкендеу келіп Нұрқанатпен амандасты. Нұрқанат оған разборкаға келдің бе дегенде ол "жоқ мен шалмын ғой, мұндай разборкаға қатыспаймын ғой" деді. Балалар топырлай бастаған кезде мен 102-ге хабарластым. Олар тұтқаны алмады. Бір емес 2 рет хабарластым. 102 алмағаннан кейін 103-ке хабарластым. Ол да алмады. Мен өзім ауруханада істейтінмін, содан кейін Талғар аудандық ауруханасының меңгерушісіне хабарластым, ол қоңырауды алған кезде төбелес басталып кетті. Осылайша, оған не айтып жатқанымды өзім де білмедім, бірақ төбелес болып жатыр 102 мен 103 жібер дедім".
Сот ҚР Жоғарғы сотының YouTube арнасында тікелей эфирден көрсетілуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:08, 20 желтоқсан 2025
Жексенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 20 желтоқсан 2025
Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат етілмейді
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады





