Қарттар күні ХҚО-да қарияларға қошемет көрсетілді

19:41, 1 қазан 2020

Қазыналы қарттар мерекесінде ХҚО-ға келген қариялар ерекше қошеметке ие болды. Халықаралық мерекеге орай халыққа қызмет көрсету орталығына қандайда құжат жасатуға келген ата-әжелер сый-сияпаттар алып, құрметке бөленді. Мемлкеттік қызмет алуға келгендерді мейрам сайын құттықтау дәстүрі бұрыннан қалыптасқан. Орталық мамандары 8 наурыз, Наурыз, айт күндері, жаңа жыл мен өзге де кәсіби мейрам күндері келушілерге құтты болсын айтып, жылы лебіздерін білдіріп жатады.

Шымкент қаласындағы ХҚО-ның біріне зейнеткерлік кітапшасын алуға келген Рашида Арыстанбекқызы гүл шоғын алып, қызметкерлердің мерекенің сәнін келтіргенін айтады.

Қарттар күні осындай ілтипат көрсетіп, сыйлап жатқандарыңызға рахмет. Қашанда жайдары көңілмен қарсы алып, халықтың барлық мәселелерін шешіп беріп жатасыздар, – дейді қария.

Қызылорда қаласының тағы бір қариясы Т. Сыздықова ханым халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетіліп жатқан сый-құрметке таңқалсын білдірді. Осылай жылы пейіл танытып, ізет көрсету қариялардың көңілін марқайтады дейді ол.

Жеке куәлігімді жасатуға келіп, күтпеген жерден осындай қошеметке бөленіп жатырмын. Еліміздің қарттары мен жастар аман болсын, – деп тілегін білдірді қызылордалық әже.

Азаматтарға арналған үкіметтің басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттік корпорация қарттардың қамын қашанда бірінші орынға қояды. Олар ХҚО-да жеңілдік терезесінен қызмет алып, мамандарды үйлеріне шақырта алады. Ал осындай мейрам күндері тіпті ерекше құрметке бөленеді.

Еліміздің қарттарының амандығын тілеймін. Даналығын айтып, ақылын қосатын қарияларымыз барда біз қашанда алға басып, өркендейтін боламыз, – дейді Балташева.

Айта кетейік, таяуда мемлекеттік корпорация "Бақытты клиент" тұжырымдамасын енгізіп, жұмыс барысына өміріндегі маңызды жайттармен байланысты құжаттарын рәсімдеуге келген әр тұрғынға қошемет білдіріп, сый-сияпаттар беру дәстүрін қолға алған. Халыққа қызмет көрсету саласында келушілерге жайдары көңіл-күй сыйлап, ерекше құрметтеу дәстүрін алғашқылардың бірі болып еліміздегі ХҚО-лар бастаған. Ондағылар әр келушінің қажетін өтеп қана қоймай көңілін табуды да алдарына мақсат етіп қойған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!