«Қарияны тепкілеп, бетіне түркірген»: Қарағандыда атышулы іске қатысты сот үкімі шықты

18:12, 3 сәуір 2026

© Сурет: Zakon.kz

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2026 жылы 3 сәуірде қоғамда резонанс тудырған іске қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталушы орындығында тоғыз жас отырды. Оларға тұрғын үйге заңсыз кіріп, бірнеше рет тонау ісіне қатысу айыбы тағылды.

"2025 жылғы 14 ақпанда және 21 ақпанда сотталушылар жәбірленуші А-ның пәтеріне заңсыз түрде екі рет кірген, жәбірленушінің егде жасын (68 жаста) пайдаланып, оның қарсылық көрсете алмайтынын білген олар оған бірнеше рет соққы жасап, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, бетіне түкіріп, әрекеттерін ұялы телефон камерасына түсірген. Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленуші А-ға материалдық залал, сондай-ақ денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген". Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Сондай-ақ, 24 наурызда кәмелетке толмағандардың бірі белгісіз тұлғалар тобымен бірге өзге жәбірленуші - П-ның пәтеріне заңсыз кіріп, оған бірнеше рет соққы жасап, оның денсаулығына жеңіл зиян келтірген, кейін оған тиесілі 95 000 теңге көлеміндегі мүлкін ұрлап кеткен.

Прокурор барлық сотталушыларға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Қорғау тарапы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың ауырлығын, жәбірленушілердің пікірін, К., П., Ф., В., М., Ф., С. үшін жеңілдететін мән-жай ретінде олардың кәмелетке толмаған жасын, сондай-ақ барлық сотталушыларда ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескере отырып, сот сотталушыларды нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сотталушы Б-ға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, кәмелетке толмаған К-ға – 6 жыл 6 ай, кәмелетке толмағандар П. мен Ф-ға – 5 жыл 6 ай, ал Г. және кәмелетке толмағандар В., М., Ф., С.-ға – әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Өскемендегі қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімнің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының экс-әкімі Жақсылық Омарға қатысты үкім жарияланғаны хабарланған. Ол алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!