Тоқаев екі жоғары әскери басшыны ауыстырды
© Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімдерімен 2026 жылғы 3 сәуірде десанттық-шабуылдау әскерлері мен "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Махсут Курманалиевич Гусейнов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Бағлан Әбдіжәлелұлы Өсербаев "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Махсут Гусейнов – 1977 жылы Шымкент облысы Бүгүн ауданының Шұбаров ауылында дүниеге келген. 2000 ж. ҚР ҚК Әскери академиясын ЖӘУ (мотоатқыштар әскерлерінің командалық тактикалық) бағдарламасы бойынша, 2013 ж. (Әскери және әкімшілік басқару) мамандығы бойынша Ұлттық қорғаныс университетін, 2021 ж. Ұлттық қорғаныс университетінің "Қарулы күштерінің академиясы" факультетін (әскери істегі стратегиялық менеджмент) тамамдады.

Сурет: gov.kz
2000 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі аралықта взвод командирінен бастап әскерлер қолбасшысы орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерді. 2024 жылғы 29 қарашада Мемлекет басшысының Өкімімен "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
Бағлан Өсербаев бұған дейін десанттық-шабуылдау бригадасының командирі, "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, сондай-ақ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Бұған дейін 30 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын қызметінен босатқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 5 сәуір 2026
Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
-
17:15, 5 сәуір 2026
Алматыда бір датчиктің арқасында 8 адам аман қалды
-
16:42, 5 сәуір 2026
6 сәуірде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:12, 5 сәуір 2026
Боксшы Ерасыл Жақпеков Азия біріншілігінде әлем чемпионына жол берді
-
15:51, 5 сәуір 2026
6 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады





