Қарағандының теміржол вокзалы 2,1 млрд теңгеге қайта жөнделеді
Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалыпқа келтіру мәселесі көптен бері талқыланып келеді. Жөндеу жұмыстары 2,1 млрд теңгені қажет етеді.
«Қазіргі таңда жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында және қажетті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін Қарағанды қаласының теміржол вокзалын қайта қалпына келтіру мәселесі қарастырылуда. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалар дайындау бойынша байқау жариялаған. Оның құны – 2,1 млрд теңге», – деп атап өтті Қарағанды облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов.
Жоспарға сәйкес, екі қабатты павильон салу қарастырылған. Жаңғырту жұмыстарынан кейін вокзалдың алдыңғы жағында қосымша нысан пайда болады, платформалардың үсті жабылады. «Қарағанды вокзалы арқылы тәулігіне 21 пойыз жұбы өтеді. Жеті бағыт бойынша қалааралық, облысішілік және қала сыртындағы тасымалдар жүзеге асырылады», – делінген әкімдік хабарламасында.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:33, 10 мамыр 2026
Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
-
17:09, 10 мамыр 2026
Дзюдошы Айдар Арапов елордадағы Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды
-
17:09, 10 мамыр 2026
Айдар Арапов Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
-
16:56, 10 мамыр 2026
Астанада көпқабатты пәтерде өрт шықты
-
16:25, 10 мамыр 2026
Үсік, бұршақ, дауыл: 11 мамырда қай өңірлерлер ескерту жасалды





