Қарағандыда бойжеткен қыз биіктен секіріп, өз-өзіне қол салмақ болды

© Сурет: Zakon.kz
Полицияға көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатындағы пәтерлердің бірінің терезесінен аяғын салбыратып отырған бойжеткенді көріп қалған куәгерлер қоңырау шалған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 сәуірге қараған түні Қарағанды қалалық полициясының жедел басқару орталығына тұрғындардың бірінің өз-өзіне қол салуға оқталғаны жөнінде дабыл түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полицияның жасағы жіберілді. Оның құрамында полиция капитаны Мақсат Тұрсынбек, аға лейтенант Наурызбай Кажкенов және полиция капитаны Алмаз Оспанов болды. Сонымен қатар көмекке тағы бір патрульдік топ - аға лейтенант Жоламан Жұмағұлов пен полиция майоры Қанат Абдығалиқов келді.
"Құтқару операциясына полиция басқармасының орталық бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкері Дарина Тұрарова да қатысты. Полицейлердің жедел әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында бойжеткен құтқарылды. Қызметтік борышына адалдық пен жоғары жауапкершілік танытқан тәртіп сақшыларының үйлесімді жұмысы қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді", делінген полиция хабарламасында.
2025 жылы 5 наурызда Түркістан облысында оқушы бала суицид жасағанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр