Қарағанды тұрғыны екі жыл бойы өзін аңдыған ер адамның кесірінен қорқынышпен өмір сүрген
© Фото: pixabay
Қарағанды қаласының тұрғыны бірнеше жыл бойы әйелді аңдып, оның қалауына қарамастан байланыс орнатуға тырысқан. Сот ер адамды 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Бұл туралы 2026 жылғы 20 қарашада соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.
Сот анықтағандай, Б. есімді ер адам 2024 жылғы 12 наурыз бен 2026 жылғы 14 қыркүйек аралығында жәбірленушіні аңдыған. Әйел онымен араласқысы келмейтінін айтқанына қарамастан, ол бірнеше рет үйіне келіп, жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан.
Әйел оның байланыс нөмірлерін бұғаттағаннан кейін де қудалау тоқтамаған.
"2026 жылғы 24 тамызда Б.-ға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды. Алайда ол әйелді аңдуын тоқтатпай, онымен байланыс орнату мақсатында WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама жіберуді жалғастырған. Б.-ның кінәсі өз кінәсін мойындаған жауабымен, жәбірленушінің айғақтарымен, ұялы телефонды алу хаттамасымен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді", – делінген сот хабарламасында.
Мемлекеттік айыптаушы мен жәбірленуші сотталушыны қоғамдық жұмысқа тартуды сұраған. Ал қорғау тарапы ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында көзделген ең жеңіл жаза тағайындауды талап еткен.
Сот ер адамның шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Жазаны ауырлататын жағдайлар анықталмаған.
Нәтижесінде Б.-ға 100 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалды. Сонымен қатар оған бір жыл мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар қойылды.
Енді ер адамға жәбірленушіні іздеуге және аңдуға, оның жүрген жерлеріне баруға, онымен ауызша және телефон арқылы сөйлесуге, сондай-ақ отбасы мүшелері арқылы қоса алғанда, кез келген өзге тәсілмен байланысуға тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:19, 20 қараша 2026
WTA Елена Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарына қосты
-
20:53, 20 қараша 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстониядағы турнирдегі өнерін аяқтады
-
20:04, 20 қараша 2026
Сенбіде елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
-
19:52, 20 қараша 2026
Димашқа Мексикада Мұхаммед Әли мен Тайсон иеленген белбеу берілді
-
19:49, 20 қараша 2026
Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды





