Нәлібаев Түркістан облысындағы ірі энергетикалық нысанды уақтылы пайдалануға беруді тапсырды
© Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында ірі энергетикалық және өндірістік жобалардың қазіргі жай-күйімен танысып, әлеуметтік, инфрақұрылымдық нысандарды аралады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысының Жолдауында 2029 жылға қарай қуат көзін артығымен өндіретіндей деңгейге жету стратегиялық міндет ретінде айқындалған. Осыған орай еліміздің энергетикалық дербестігін нығайту үшін стратегиялық маңызы бар жаңа генерациялық қуаттарды дамытуға ерекше назар аударылуда.
Сайрам ауданындағы қуаты 1113,4 МВт "Түркістан" бу-газ қондырғысының құрылыс алаңына барған Нұрлыбек Нәлібаев оңтүстік өңірлердегі электр энергиясы тапшылығын азайтуға, жаңа генерациялық қуаттарды іске қосуға және тұтынушыларды электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жобаның маңыздылығына тоқталды.
Қазір құрылыс алаңындағы жалпы 2 455 адамның 2 281-і күндізгі ауысымда, 174-і түнгі ауысымда еңбек етеді. Негізгі технологиялық жабдықтар, атап айтқанда, газ және бу турбиналары, кәдеге жаратушы қазандықтар толық жеткізілген. Siemens компаниясының төрт газ турбиналық қондырғысы түгел монтаждалып, іргетасына орнатылды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 62%, электр желілерін тарту 96% орындалған. Газ құбыры аяқталған. Жоба бойынша жеті ұңғыма қарастырылған. Қазіргі уақытта екі ұңғыма тәулігіне 960 текше метр су өндіруде. Стансаның алғашқы қуатын іске қосу үшін тәулігіне 240 текше метр су қажет. Сонымен қатар нысанға апаратын 3,1 шақырым кірме автожол пайдалануға берілген.
"Бұл – Мемлекет басшымыздың бақылауындағы маңызды нысан. Құрылыс бұдан әрі кешікпей, айтылған мерзімде аяқталуы керек. Жыл соңында бірінші қондырғыны қосып, тексереміз, ал 2027 жылдың мамырында электр желілеріне 382 МВт, тамыз айында тағы 382 МВт энергия, қыркүйек айына жалпы 764 МВт-ы пайдалануға береміз дедіңіздер. Әрі қарай да жұмысты тездету керек, 2028 жылдың наурыз-мамыры деген межені мүмкіндігінше 2027 жылдың соңына дейін жеделдету, толық қуатына жеткізу қажет. Бұл алып станса іске қосылғанда өңірге, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысына электр энергиясын бере алады. Жұмыс қарқыны күшейгені көрініп тұр. Жыл басында 15% еді, қазір 62%-ға жеткен. Үкімет, әкімдік жан-жақты қолдау көрсетуде. Сіздердің міндеттеріңіз – жұмысты ұйымдастыру, берген уәдені орындау", — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.
Сапар барысында келесі нысан Түлкібас ауданындағы "Састөбе" инновациялық кешені болды.
Бұл – өңірдегі химия өнеркәсібін дамытуға және импортты алмастыратын өнімдер шығаруға бағытталған ірі инвестициялық жоба. Жылына 400 мың тонна әк, 100 мың тонна каустикалық сода, 120 мың тонна поливинилхлорид, 200 мың тонна кальций карбиді және 1 млн тонна цемент өндіреді. Өткен жылы әк өндіру желісі пайдалануға берілді. Қазір өнім отандық металлургия кәсіпорындары мен құрылыс материалдарын өндіруші компанияларға жеткізілуде.
Инвестициялық жобаның келесі кезеңдерін іске қосу мерзімі қаржыландыруға байланысты қайта жоспарланған. Мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты мемлекеттік органдарға қаржы көздерін қарастыру, инженерлік инфрақұрылым құрылысын аяқтау және инвестициялық жобаны белгіленген мерзімде жүзеге асыруға қатысты тапсырмалар берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:19, 20 қараша 2026
WTA Елена Рыбакинаны жылдың үздік теннисшісі атағына үміткерлер қатарына қосты
-
20:53, 20 қараша 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Артур Смағұлов Эстониядағы турнирдегі өнерін аяқтады
-
20:04, 20 қараша 2026
Сенбіде елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
-
19:52, 20 қараша 2026
Димашқа Мексикада Мұхаммед Әли мен Тайсон иеленген белбеу берілді
-
19:32, 20 қараша 2026
Тоқаев ҰҚК төрағасы Марат Ирменовті қабылдады





