Қарағанды облысында жол қауіпсіздігі күшейтілді: дрондар мен автоматты жүйелер іске қосылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальоны жол-көлік оқиғаларының алдын алу және апат деңгейін төмендету бағытында бақылау шараларын күшейтті.
Енді өңір жолдарында заманауи цифрлық технологиялар кеңінен қолданылып жатыр. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін аппараттық-бағдарламалық кешендерді, жылдамдықты өлшейтін автоматты жүйелерді, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануда.
Бұл технологиялар жол қозғалысын тәулік бойы бақылауға мүмкіндік береді.
"Аталған шаралар жазалау емес, ең алдымен алдын алу сипатына ие. Негізгі мақсат – жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыру және адам өмірін сақтау, – деді патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
Тәртіп сақшылары жолдағы қауіпсіздік қарапайым талаптарды орындаудан басталатынын ескертеді:
– жылдамдық режимін қатаң сақтау;
– қауіпсіздік белдігін тағу;
– рөлде зейінді болу;
– жол белгілері мен таңбалардың талаптарын мүлтіксіз орындау.
Жол қателікті кешірмейді. Әрбір жауапсыз әрекет қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Полиция азаматтарды тәртіп пен өзара құрмет қағидаларын ұстануға шақырады. Тек ортақ жауапкершілік арқылы ғана жолдарды қауіпсіз етіп, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 18 ақпан 2026
Алматы тауларында қарулы ер адам ұсталды
-
17:50, 18 ақпан 2026
Алматыда полиция түнгі клубтың қызметін тоқтатты
-
17:37, 18 ақпан 2026
2025 жылғы Қазақстанның жалпы ішкі өнім көрсеткішінің нақты көлемі аталды
-
17:19, 18 ақпан 2026
Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінде терезеден 12-сынып оқушысы құлады
-
17:19, 18 ақпан 2026
Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебінің терезесінен 12-сынып оқушысы құлады





