Қарағанды облысында үш адам көлікті иесімен қоса ұрлап кетті

17:18, 12 маусым 2019

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының аудандық полиция бөлімшесінің жедел тобымен жеңіл көлікті ұрлап әкеткен үш күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар көлік иесін соққыға жығып, сосын оны Нұр-Сұлтан қаласынан бастап Қарағанды облысының Ақтоғай ауылына дейін жол бойы ұстап келіп, сол жерде полицияның қолына түскен.

Күдіктілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125 бабы 2 бөлігіне (бір топ адам болып адам ұрлау) сәйкес айып тағылып отыр.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!