Қарағанды облысында түрмеге жолданған ұсақ кәмпиттер ішінен есірткі табылды
© Сурет: видеодан алынды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №34 мекемесінде есірткіні кәмпит ішіне тығып беру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сәлемдемелерді қабылдау бөлмесіне келіп түскен кезекті сәлемдемені тексеру кезінде түрме қызметкерлері кәмпиттер ішінен жаңғақтардың орнына қоңыр-жасыл түсті заттарды тапты. Мұндай бес кәмпит анықталды.
"Бұл факт № 34 мекеменің ҚАЖ-сында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша бұл заттардың жалпы салмағы 3,472 грамм болатын есірткі – гашиш екендігі анықталды. ҚР ҚІЖК-нің 179, 184-баптарына сәйкес, Шахтинск қаласы ПБ арнайы бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кірісті", деп мәлімдеді мекемеден.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:00, 15 наурыз 2026
Қазақстанның барлық аумағында референдум айтарлықтай бұзушылықтарсыз өтті – бақылаушылар
-
20:47, 15 наурыз 2026
Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
-
20:42, 15 наурыз 2026
Референдум-2026: қанша адам дауыс берді
-
20:12, 15 наурыз 2026
Қазақстанда референдумда дауыс беру аяқталды
-
20:12, 15 наурыз 2026
Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды: дауыстарды санау басталды





