Қарағанды облысында бұрынғы банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді
© Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының Осакаров ауданында зейнеткерлерге қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікті анықталды.
Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз тұлға оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған.
Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген, алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.
"Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілердің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда", — деп атап өтті Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 8 сәуір 2026
Астана маңындағы бір отбасының өлімі: ІІМ тергеу жайын айтты
-
17:23, 8 сәуір 2026
Депутат: Көпқабатты үйлердегі ортақ есептегіш құралдарға қатысты жағдай әлі де күрделі
-
17:12, 8 сәуір 2026
Алматыда найзағай, Астанада аяз, ал Шымкентте ыстық ауа райы күтіледі
-
16:43, 8 сәуір 2026
Биыл Алматыда 700-ден астам мас жүргізуші тоқтатылды
-
16:35, 8 сәуір 2026
Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын қайта қарау мәселесі қарастырылмайды





