Қазақстанда шекті баға енгізілгеннен кейін ет қанша тұрады

18:01, 7 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов 2026 жылғы 7 сәуірде Мәжіліс кулуарында сиыр етіне шекті баға енгізу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкіметтің мәліметінше, Сауда және интеграция министрлігі ет бағасын тұрақтандыру мақсатында Мал өсірушілер одағымен меморандумға қол қоюды пысықтап жатыр. Құжатта сауда желілері арқылы ішкі нарықты қамтамасыз ету және жыл соңына дейін бірқатар ет өніміне шекті бағаны белгілеу қарастырылған.

"Бұл меморандумды Сауда және интеграция министрлігі жасайды. Бұған дейін біз мұны тауық жұмыртқасы бойынша сынап көрдік: өндірушілер одағымен әлеуметтік маңызы бар жұмыртқа бағасын ұстап тұру жөнінде келісім жасалған. Өз кезегінде мемлекет жұмыртқа өндірушілерге түрлі қолдау шарасын көрсетті. Дәл осындай тәсілді ет бойынша да қолдануға болады, яғни міндеттемені Қазақстанның Мал өсірушілер одағы өзіне алады", – деді Сұлтанов.

Ол сондай-ақ белгіленуі мүмкін бағаны атады.

"Біздің бағалауымыз бойынша сиыр етінің өзіндік құны келісіне 3-3,2 мың теңге болады, ал нарықта ол 3,5-3,6 мың теңгеден сатылып жатыр. Біз осы бағаны ұстап тұруды көздеп отырмыз", – деді вице-министр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!