Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды – сауалнама нәтижесі
© Фото: zakon.kz
Сауалнама нәтижелері халықтың хабардарлық деңгейі айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді: азаматтардың басым бөлігі жоба мазмұнымен белгілі бір деңгейде таныс немесе ол туралы естіген. Сұралғандардың 22,5%-ы жаңа Конституциямен таныс емес екенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қоғамдық пікір" зерттеу институты 18 жастан асқан 1 200 респонденттің қатысуымен жүргізген телефондық сауалнама нәтижелері жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум қарсаңында қоғамда қолайлы көңіл-күй сақталып отырғанын айқын көрсетті. Зерттеу еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаласын толық қамтыды.
Конституция жобасы халық тарапынан елеулі қолдауға ие екені байқалады. Жалпы алғанда Конституциямен қандай да бір деңгейде таныс респонденттердің 78,8%-ы құжатты қолдайды, оның ішінде 31,7%-ы толық қолдайтынын білдірсе, 47,1%-ы көбіне қолдайтынын атап өткен.
Өздерінің күнделікті өміріне және құқықтық мәртебесіне тікелей әсер ететін мәселелер азаматтардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр.
Халық ең көп талқыланатын үш негізгі тақырып келесідей:
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары – 35,3%;
- Әлеуметтік кепілдіктер (білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы) – 29,5%;
- Экология мәселелері – 18%.
Сонымен қатар білім мен ғылым саласына (17,3%) да айтарлықтай көңіл бөлінген. Яғни азаматтардың қызығушылық құрылымы ең алдымен олардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сапасына тікелей ықпал ететін нормаларға бағытталған.
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі құжатты дайындау жұмысын да оң бағалап отыр. Респонденттердің 68,3%-ы "Конституциялық комиссия өзіне жүктелген міндетті орындай алды" деп есептейді, оның ішінде 16,4%-ы бұған толық сенімді, 49,8%-ы бұл бағалаумен негізінен келіседі.
Сондай-ақ, сауалнама нәтижелері электоралдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. "2026 жылдың 15 наурызында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша референдум өтеді. Сіз оған қатысасыз ба?" деген сұраққа респонденттердің 71,4%-ы оң жауап берген. Оның ішінде 32,9%-ы сайлау учаскелеріне міндетті түрде келетінін нақты айтса, 38,5%-ы дауыс беруге қатысуының ықтимал екенін жеткізген.
Конституциялық реформаны талқылау негізінен тұлғааралық сипатқа ие. Азаматтар бұл мәселелерді көбіне отбасы мүшелерімен (37,6%), достары және таныстарымен (34,5%), сондай-ақ әріптестерімен (30,1%) талқылайды. Цифрлық ортадағы пікір алмасу салыстырмалы түрде сирек кездеседі (17,9%).
Әлеуметтік желілер маңызды ақпарат көзі болып қала бергенімен, қолданушылардың басым бөлігі бақылаушы позициясында қалып отыр: олардың 59,8%-ы пікірталасқа қатыспай, жарияланымдарды тек оқумен шектеледі.
"Осылайша, сауалнама нәтижелері жаңа Конституция жобасының қоғам тарапынан жалпы алғанда жағымды қабылданатынын, халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін және азаматтардың референдумға қатысуға айтарлықтай дайын екенін көрсетеді. Дегенмен, қоғамдық пікірдің қалыптасу үдерісі жалғасып жатса, реформаны талқылау белсенділігі сақталып отыр", делінген мәтінде.
Телефондық сауалнама ұялы байланыс абоненттері арасында жүргізілді. Сауалнама қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Статистикалық ауытқуы 2,8%-дан аспайды. Сауалнама ОСК-ның жазбаша хабарламасы негізінде жүргізілді.
Сауалнамаға 43,4% ер адам және 56,6% әйел қатысты, респонденттердің 64,2%-ы қала тұрғындары, 35,8%-ы ауыл тұрғындары болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:29, 22 ақпан 2026
Қарағанды облысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді
-
13:23, 22 ақпан 2026
Еліміздегі әуежайлар мен вокзалдар республикалық референдум жайлы ақпараттың алаңына айналды
-
12:55, 22 ақпан 2026
Көкшетауда университет оқытушысы алаяқтарға алданып, 7 млн теңгесінен қағылды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
11:20, 22 ақпан 2026
Алматы мен Астанадағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 22 ақпан





