«Қапырық»: Маңғыстау – Қарағанды бағытының жолаушылары пойыздың жай-күйіне шағымданды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау – Қарағанды бағытындағы №079 ЦА пойызының жолаушылары вагондардағы адам төзгісіз жағдайға шағымданды. Ауа баптағыштар жұмыс істемегендіктен, жолаушылар жол бойы қапырық вагонда отыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz басылымының жазуынша, жолаушылар пойызға 9 тамызда отырған. Алайда климаттық жабдықтың істен шығуы және пойыз құрамының техникалық жағдайына байланысты сапар жайсыз өткен.
"Вагонда ыстық! Күйеуімнің жүрегі ауырады, ол осы вагонмен Қарағандыға санаторийге бара жатыр. Жолсерік жұмыс істемей тұрған кондиционерлерге өзі жауапты емес екенін айтты. Вагонда егде жастағы адамдар мен балалар бар", – деді наразы жолаушылардың бірі.
Желіде желдей ескен шағымдарға ұлттық тасымалдаушы пікір білдіріп, бұл пойыздың компанияның жауапкершілік аймағына кірмейтінін мәлімдеді.
"Аталған пойыз "Ulytau Express" ЖШС жеке тасымалдаушысына тиесілі. Жеке тасымалдаушылардың қызметі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ға және жалпы "ҚТЖ"-ға қатысы жоқ", – деп түсіндірді компанияның баспасөз қызметі.
Компания мұндай жағдайларда шағымды тікелей тасымалдаушыға немесе жеке компаниялардың қызметін реттейтін ҚР Көлік министрлігіне жолдауды ұсынды.
Бұған дейін Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:05, 11 тамыз 2026
Ақтөбеде 26 жасар жігітті тойда өлтіріп кетті
-
10:55, 11 тамыз 2026
10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
-
10:42, 11 тамыз 2026
Грузияда ауырсынуды басатын дәрімен ұсталған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін
-
10:37, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтарға пластик пакеттерге қатысты үндеу жасалды
-
10:25, 11 тамыз 2026
Ақауы бар көлік үшін 7,3 млн теңге төлеген қазақстандық сотта жеңіске жетті





