Ақтөбеде 26 жасар жігітті тойда өлтіріп кетті
© Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысында тойдың арты қайғылы жағдаймен аяқталды. Мерекелік шараның соңы жанжалға ұласып, қонақтардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Диапазон" газетінің жазуынша, оқиға 2026 жылғы 8 тамыз, сенбі күні облыстағы аудан орталықтарының бірінде болған.
Құқық қорғау органдары оқиға бойынша тергеуді бастап, күдіктінің жеке басын анықтаған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысы Департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомство әзірге тергеу мүддесіне байланысты жанжалдың мән-жайы мен себептерін жария етпей отыр.
Бұған дейін Ақмолада көршісіне пышақпен шабуыл жасап, оны өлім аузында қалдырып кеткен әйел қамауға алынғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:16, 11 тамыз 2026
Колумбиядағы жер сілкінісіне байланысты футбол чемпионаты уақытша тоқтатылды
-
10:55, 11 тамыз 2026
10 күнде 70 әрекет: ҰҚК Қазақстаннан заңсыз әкетілмек болған шетел валюталарын көрсетті
-
10:42, 11 тамыз 2026
Грузияда ауырсынуды басатын дәрімен ұсталған қазақстандық 15 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін
-
10:37, 11 тамыз 2026
Қазақстандықтарға пластик пакеттерге қатысты үндеу жасалды
-
10:25, 11 тамыз 2026
Ақауы бар көлік үшін 7,3 млн теңге төлеген қазақстандық сотта жеңіске жетті





