Қапшағайда үш ер адам суға батып кете жаздады

11:10, 2 шілде 2022

© Сурет: Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі

1 шілде күні кешқұрым уақыт Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында үш демалушы үшін қайғылы аяқтала жаздады. Құтқарушылар оларға дер кезінде көмекке келе алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

№6 қалалық жағажайда сағат 18:55-те патрульдеу кезінде құтқарушылар 1997 жылғы ер адамның резеңке матраспен жағадан тым алшақтап кеткенін байқады. Оны жел 250 метр қашықтыққа алып кеткен. Құтқарушылар ер адамды жағажайға аман-есен эвакуациялады.

Сол секілді №7 қалалық жағажайда жағадан 400 метр қашықтықта да мамандар шағын құтқару операциясын жүргізуге мәжбүр болды.

Судағы адамдардың бірінің аяғы тартылса, екіншісі өз күшін есептемей, жағадан тым алшақтап, су ортасына келгенде бата бастаған. Екеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілді. Бақытымызға орай, олар медициналық көмекті қажет етпеді.

Құтқарушылар оларға судағы қауіпсіздік ережелері мен құтқару кеудешесінсіз суда болудың салдары туралы еске салды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!