Қандай жағдайларда жұмыс берушілер жасөспірімдерді жұмысқа тартқаны үшін жазаланады
© Фото: freepik
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бүгін, 2025 жылғы 18 маусымда жазғы кезеңдегі балалар еңбегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство жазғы демалыс кезінде көптеген жасөспірімдердің қосымша жұмыс табуға ұмтылатындығын - біреуі өз бастамасымен, біреуі ересектердің өтініші бойынша екенін айтты.
"Алайда кәмелетке толмағандардың еңбек қызметі қатаң заңнама шеңберінде жүзеге асырылуы және олардың денсаулығына, оқуына және дамуына зиян келтірмеуі тиіс екенін есте сақтау маңызды",- делінген ақпаратта.
ҚР Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес:
- 14 пен 16 жас аралығындағы жасөспірімдер аптасына 24 сағаттан артық жұмыс істемеуі тиіс;
- 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін бұл шектеу — аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
"Кәмелетке толмаған жаспен еңбек шарты жасалғанда ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі міндетті түрде қажет". ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес кәмелетке толмағандарды келесідей жұмыстарға тартуға тыйым салынады:
- түнгі уақыттағы жұмыс (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін),
- үстеме жұмыс,
- вахталық әдіспен жұмыс істеу,
- қоса атқарылатын жұмыс,
- жұмыс уақытының жиынтық есебімен жүргізілетін еңбек.
"Әрбір бала қанаудан аулақ болу және денсаулығын сақтау үшін өз құқықтарын білуі маңызды. Сондай-ақ, олардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету — ересектердің міндеті. Балалар еңбегін заңсыз пайдалану елеулі құқық бұзушылық болып табылады. Ал жұмыс берушілер тіпті әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.
Балаларды еңбек қызметінің тыйым салынған түрлеріне тарту фактілері анықталған жағдайда бұл туралы еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе 111 бірыңғай байланыс орталығына дереу хабарлау керек.
Бұған дейін депутаттың Ұлттық Банк қызметінде ашықтықтың жоқтығын сынға алғандығын жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
-
12:12, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің концерті қазақстандық телеарнадан көрсетілді
-
12:08, 18 желтоқсан 2025
Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген





