Канадада өтетін шорт-тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

22:56, 16 қазан 2026
MKZ: 1572852

© Сурет: olympic.kz

23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтеді. Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жариялаған тізіміне сәйкес, бұл жарыста Қазақстан атынан 12 спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың алтауы – ерлер, алтауы – әйелдер.

Қазақстан құрамасы:

  • Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.
  • Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.

Айта кетейік, әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада өтеді. Ол Монреаль қаласында ұйымдастырылады.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Астанада өтуі тиіс Төрт құрлық чемпионаты Алматыға ауыстырылғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!