Камералар ендігі анықтап жатыр: ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға ескерту жасады
© Фото: Zakon.kz
Бүгін, 2026 жылғы 6 сәуірде ІІМ қазақстандық жүргізушілерге маңызды жайтты ескертіп, үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, министрлік техникалық байқау, сақтандыру полисі және жүргізуші куәлігінің мерзімін уақтылы тексерудің маңызын еске салды.
"Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Ішкі істер министрлігі құжаттарыңызды тексеруді кейінге қалдырмай, дәл қазір қарауды сұрайды. Мәселе тек техникалық байқау мен сақтандыру полисінің болуында ғана емес. Жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімін де тексеріңіз. Бүгінде мұны бірнеше минут ішінде онлайн әрі кезексіз жасауға болады. Бұл жай ғана ереже емес. Бұл – сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі. Техникалық байқау – көліктің жарамдылығы. Сақтандыру полисі – жол-көлік оқиғасы болған жағдайда мүддеңізді қорғайтын құжат. Автоматты тіркеу камералары мұндай құқық бұзушылықтарды анықтап жатыр. Атап өтер жай: бұл шаралар жазалау үшін емес, тәуекелдердің алдын алып, өмірлерді сақтауға бағытталған. Қарапайым талаптарды сақтау – бұл сіздің қауіпсіздігіңіздің, сеніміңіздің және жолдағы тәртіптің кепілі. Заң мен тәртіп әрқайсымыздан басталады", – деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Бұған дейін алматылық полицейлердің жаңа тәсілге көшіп, қала ішіндегі бақылауды күшейткендігін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:56, 6 сәуір 2026
Қызылордада қиыршық тас пен құмды заңсыз алып кетпек болғандар ұсталды
-
19:41, 6 сәуір 2026
Ресейлік блогер Астанада соққыға жығылды: жанжалдың мән-жайы белгілі болды
-
19:29, 6 сәуір 2026
ШҚО-да кәріз құдығында үш жұмысшы газбен уланып қалған
-
19:13, 6 сәуір 2026
Павлодарда ер адам қорғансыз мысықты құтқарамын деп қаза тапты
-
18:58, 6 сәуір 2026
Алматыда ауа сапасына бақылау күшейді





