«Қалың қар түсіп, күн суытады». Алматы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райы болжамы

12:36, 6 желтоқсан 2025

© Сурет: Zakon.kz

Алматыда 2025 жылы 6-11 желтоқсан аралығында ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Жылы күндердің соңын қарлы, боранды күндер басады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның ұсынған болжамында айтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, Алматыда 10 желтоқсанда қалың қар түсіп, күн күрт суытуы мүмкін.

6 желтоқсан

  • аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз.
  • алдымен батыстан, кейін шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.
  • ауа температурасы күндіз: +6…+8°С.

7 желтоқсан

  • ауа райы құбылмалы, күндіз аздап жаңбыр жаууы мүмкін.
  • шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.
  • ауа температурасы түнде: 0…-2°С, күндіз: +6…+8°С.

8 желтоқсан

  • ауа райы құбылмалы, сіркіреп жаңбыр жауады.
  • оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.
  • ауа температурасы түнде: 0…-2°С, күндіз: +3…+5°С.

9 желтоқсан

  • көшпелі бұлт жүреді, кей жерде қар аралас жаңбыр жауады
  • солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.
  • ауа температурасы түнде: -1…-3°С, күндіз: 0…+2°С.

10 желтоқсан

  • аспан бұлтты, қар жауып, кей жерде бұрқасын жүруі мүмкін.
  • солтүстіктен жел соғады, екпіні - 3-8 м/с.
  • ауа температурасы түнде және күндіз: -7…-9°С, одан кейінгі күндері сынап бағанындағы цифр ұлғая түседі.
"11 желтоқсаннан бастап күн ашық", делінген Алматы қалалық Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының хабарламасында.

Бұған дейін синоптиктер, бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!